Хабарландыру бос лауазым!
“Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі” ММ «Нұрлы-көш орта мектебі» КММ
“Педагог – кәсіби бағдар беруші” 0,5 бірлік бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
“Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі” ММ «Нұрлы-көш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдасытрушы педагогтың бос орнына тұрақты мерзімге конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: “Ақтөбе облысының білім басқармасы, Хромтау ауданының білім бөлімі” ММ-нің «Нұрлы-көш орта мектебі» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері:
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы ,Көктау селосы, Нұрлы-көш көшесі көшесі, 37 А үй.
Эл.поштасы: nurlikoshom@mail.kz
Телефон номері: 8/71-336/79719
Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен ( өзгерісі 31.03.2022ж.№ 121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатынталаптары мен лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
