МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
• Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. Nº26 бұйрығымен регламенттелген.
2025-2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
• Міндетті мектеп формасы оқытудың  зайырлы сипатына сәйкес келеді.
• Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың  ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды.
Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
• Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық, кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
• Мектеп формасына қосуға рұксат етілмейді және киюге тыйым салынады:
-жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
-түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.
• Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.