“Сүзбелі сөз” дебат клубы
“Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы” атты дәстүрлі онкүндік жоспары аясында “Сүбелі сөз” дебат клубы мүшелері арасында адамгершілік пен қайырымдылыққа шақыратын “Қайырымды қоғам адамдарды біріктіреді” атты пікірсайыс болып өтті. 2022 жыл 7 ақпан
2022 жылдың ақпан айының 8 – күні Аққұдық орта мектебінде дебаттан аймақтық жолдастық кездесу ойыны болып өтті. Оған Аққұдық, Көктау, Майтөбе, Нұрлы – көш орта мектебінің дебат клубы мүшелері қатысты. Шара өзін – өзі тану апталығы аясында ұйымдастырылған. Дебат мүшелері тартысты ойын өткізіп, жақсы ойыншылар мен командалар марапатталды. Сақып Әділет “Үздік сарапшы” номинациясын және “Сүбелі сөз” дебат үйірмесі алғыс хат иеленді. Сондай – ақ дебат жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың ойыны әрі қарай волейболмен жалғасты.
2021 жылдың 18- наурыз күні Майтөбе орта мектебінде “Ақиқат” дебат клубының ұйымдастыруымен жолдастық кездесу болып өтті. Кездесуге аймақтық Нұрлы – көш, Аққұдық, Көктау және Майтөбе мектептерінің дебат командалары қатысты. Нұрлы – көш орта мектебі “Сүбелі сөз” дебат клубынан 2 фракция қатысты.Ойын қызықты әрі көңілді өтті.Осындай жылы шыраймен, қонақжайлылығымен қарсы алған Майтөбе орта мектебіне үлкен алғыс айтамыз
Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық кезеңі 02.02.2021 күні №7 Хромтау мектеп гимназиясының базасында өтті. Пікірсайыс туниріне 9 мектептің оқушылары қатыстырылды. Турнир нәтижесінде: Үздік кейс” номинациясымен Нұрлы көш орта мектебі марапатталды.
“Сендіру өнері” облыстық оқыту семинары
2021 жылдың 24 – сәуір күні Хромтау аудандық білім бөлімінің және №3 мектептің ұйымдастыруымен аудандық дебат турнирі ұйымдастырылды.Бұл додаға Нұрлы – көш орта мектебі, “Сүбелі сөз” дебат клубынан “Жасstars” фракциясы қатысты. Іріктеу кезеңінен өткен топ жартылай финалға дейін тартысты ойын көрсетіп, “Мақсатшыл топ” номинациясымен марапатталды